Мейіржан ЖЫЛҚЫБАЙ
«Тауға саяхат» әңгіме-хикаяты – автордың тырнақалды туындысы. Шығарма әртүрлі жастағы балаларға арналған. Мұнда бір аулада тұратын жануарлардың тауға саяхат жолында бастан кешкен қызықты сәттері жеңіл тілмен жазылған. Тау басында орын алатын шытырман оқиғалар да балаларды әңгіме әлеміне бірден елітіп әкетеді.
Мейіржан ЖЫЛҚЫБАЙ - Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тумасы. 2008 жылы "Тауға саяхат" әңгімелер топтамасы Дулат Исабековтің алғысөзімен жарық көрді. Халықаралық "Дарабоз" әдеби байқауында 2011 жылы "Қырық бірінші өтіріктің соңы" туындысы үшін ынталандыру сыйлығын, 2015 жылы "Саяқ" әңгімесі үшін жүлделі 2-орынды алды. 2017 жылы "Батыр қоян" ертегісі Оңтүстік Кореяда 4 тілге аударылып, жарық көрді.
Мейіржан Жылқыбайдың «Тауға саяхат» хикаятын зор сүйсініс- ырзашылықпен оқып шықтым. Айтары жоқ, бұл шығарма – қазақ балалар әдебиетінің олжасы. Бір қарағанда, өмірге енді көзін ашқан нәзік жаратылыстардың қылығы, танып-білуге ұмтылысы, қателігі мен жетістігі дәлдікпен, әр жануардың өзіне тән ерекшелігін тап басып беруімен қызықты болса, екінші жағынан, жас жазушы өмірдің күрес екенін, қадам сайын қауіп- қатердің болуы мүмкін екенін өте нәзік ұқтырады.
Кітапты оқи отырып ғажайып әлемге түскендей боласың. Меніңше, мұндай туындылар тек балалар әдебиеті ғана болып есептелмеуі керек. Себебі автор жануар әлемі арқылы адамдар арасындағы достық, бауырластық және рухани құндылықтарды сипаттай білген. Экзюперидің «Кішкентай Ханзадасы» әлемдік бестселлерге қалай айналса, жас қаламгердің «Тауға саяхаты» да осындай биіктерге жете алары сөзсіз.
Мейіржанның шығармалары ақша бұлт сияқты, тап-таза, жеп-жеңіл. «Тауға саяхатын» оқыған ересек адамның өзі бір сәтке балалық шаққа саяхат жасап, сол кездегі тап-таза, бәріне сенгіш, аңғал сезімдерді басынан өткереді. Мейіржанның осындай керемет шығармаларды көп жазып, балалар әдебиетіне зор үлес қосарына сенемін.
КІТАПТЫ ЖЫЛДАМ АЛУ ҮШІН
+7(708) 100-01-99 нөмірі арқылы бізге Whatsapp-қа жазсаң біз тапсырыс қабылдаймыз.
KASPI GOLD төлем есебі арқылы төлем жасай аласыз
KASPI GOLD:
5169 4931 6241 8324
Егер Сіз Алматыдан басқа өңірде тұратын болсаңыз, төлем жасағаннан кейін +7(708) 100-01-99 нөміріне мекен-жайыңызды жазып жіберіңіз. Немесе біздің Алматыдағы кеңседен алып кетіңіз.
Алматыдан басқа қалаларға жеткізу шамамен 1 апта уақыт алады. Жөнелту құны – 700 тг.
Кітапты төменде көрсетілген байланыс номерлері мен мекенжайлардан сатып ала аласыздар:
Қонаев к., 4
Казмедиа орталығы
+7 708 502 9030
Жибек Жолы, 135
+7‒700‒484‒84‒51
Жеткізу қызметі
+7 702 765 7734
Ақсай-1, 11/9
"QIT Enterprise" ЖШС
+7 708 502 9030
Ихсанов, 45
+7 (7112) 50‒89‒77
Ақсай-3, 5
"Kitapall.kz" дүкені
+7‒777‒572‒22‒33
+7‒777‒532‒22‒33
Жеткізу қызметі
+7 708 272 8252
Жуырда
09.07.2019
«Ақ желкен» журналында істеп жүрген кезім. Бір күні Дулат аға дəлізден көре сала ренішін айтты ...
Толық оқу...15.07.2019
Әдетте көркем шығармада қоян қорқақ болып сипатталады. Ал балалар жазушысы Мейіржан Жылқыбайдың қоянды батыр жануарға айналдыру себебі не? Қазіргі балалар қандай шығармаға қызығады?
Толық оқу...20.07.2019
Мейиржан Жылкыбай - новое имя в современной казахской детской литературе, чей потенциал оценил знаменитый писатель Дулат Исабеков. Как молодого автора начали издавать в Южной Корее и что особенного в его сказках?
Подробнее...